$ 485.95  565.74  6.83

«Барлық төлем толық көлемде төленеді»: министрлік Шайдоровқа қатысты дауға нүкте қойды (ВИДЕО)

Сондай-ақ 5 маусым күні мәнерлеп сырғанаушы өз командасымен бірге алдағы спорттық маусымға дайындық жүргізу үшін АҚШ-қа аттанатыны айтылды.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның алғашқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа қатысты жағдайдың реттелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Туризм және спорт министрлігі атынан Михаил Шайдоровтың төңірегінде қалыптасқан жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасағым келеді. Ең алдымен, Михаил Шайдоров – қазақстандық спорттың аңызы, есімін отандық спорт тарихына алтын әріппен жазған тұлға екенін атап өткім келеді. Біз Михаилды барлық бастамасында толық қолдаймыз және оған алдағы уақытта да жарқын жеңістер тілейміз.

Қоғамда қызу талқыланып жатқан келісімшартқа келер болсақ, Михаил оған қол қойды. Құжатты рәсімдеу үдерісі толығымен заң аясында жүргізілді. Тараптар барлық шарттарды талқылап, өзара келісімге келді. Бүгінде келісімшартқа қол қойылып, жұмысқа қабылданды. Онда көзделген барлық міндеттемелер орындалып, тиісті төлемдер толық көлемде төленеді», – деді Серік Жарасбаев.

Сондай-ақ 5 маусым күні мәнерлеп сырғанаушы өз командасымен бірге алдағы спорттық маусымға дайындық жүргізу үшін АҚШ-қа аттанатыны айтылды.

«Бұдан бөлек, жақын арада Михаил Туризм және спорт министрлігінің өкілдерімен кездеседі. Кездесу барысында келесі Олимпиада цикліне дайындық, алдағы жарыстарға қатысу мәселелері, сондай-ақ елімізде мәнерлеп сырғанауды дамытуға бағытталған бірлескен бастамалар талқыланады», – деп түйіндеді вице-министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0