01.06.2026, 17:40

Винокуров Рим Папасына ерекше сыйлық жасады

Фото:

Католик шіркеуінің басшысымен жүздесу беделді «Джиро д’Италия» көпкүндік веложарысы аясында өтті.

Велоспорттан Олимпиада чемпионы, отандасымыз Александр Винокуров Рим Папасы Лев XIV-мен кездесіп, оған «XDS Astana Team» велокомандасының ресми жейдесін тарту етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Католик шіркеуінің басшысымен жүздесу беделді «Джиро д’Италия» көпкүндік веложарысы аясында өтті. Қазақстандық спорт аңызы бұл кездесуден алған әсерін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Джиро д’Италия" барысында Рим Папасы Лев XIV-ге командамыздың майкасын өз қолыммен табыстау мен үшін үлкен мәртебе. Бұл Гранд-тур бізге ерекше эмоциялар, кезеңдердегі үш бірдей жарқын жеңіс және көптеген ұмытылмас сәттер сыйлады. Біз әлемдік спорт аренасында Қазақстанның намысын қорғап, командамыздың жетістіктері арқылы елімізді таныта түсетінімізді мақтан тұтамыз», - деп жазды Винокуров.