01.06.2026, 20:30

Қазақ баласы спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінде күміс жүлдеге ие болды

Фото: ҰОК

Словенияның Копер қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені Зейнолла Ыдырысов көрсетті. Спортшы ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ Нариман Курбанов пен Роман Маменов те турнирдің финалына шықты.

ҚР ҰОК мәліметінше, Курбанов ат снарядындағы жаттығуда жетінші орынға тұрақтаса, Маменов қол тіреп секіру бағдарламасында алтыншы нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, маусым айында Қытайдың Цзуньи қаласында Азия чемпионаты өтеді.