02.06.2026, 23:30

«Арызын қайтып алды»: Шавкат Рахмоновтың отбасына қатысты сүйінші хабар шықты

Фото: kereykhan_03/instagram

Осылайша, қазіргі уақытта Шавкат Рахмонов пен Гүлайым Рахмонова заң жүзінде әлі де некеде тұрған ерлі-зайыпты болып саналады.

Танымал заңгер Мейірман Шекеев Qazaqordasy YouTube арнасына берген сұхбатында UFC жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың отбасылық жағдайына қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпараттарға пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Заңгердің айтуынша, бұған дейін Шавкат Рахмонов пен Гүлайым Рахмонова некені бұзу жөнінде сотқа ресми түрде өтініш берген. Осылайша, олардың арасында ажырасу рәсімі басталған.

“Иә, Гүлайым Рахмонова мен Шавкат Рахмонов ажырасуға арыз бергені рас. Басында олар бұл процесті бастады”, – деді Мейірман Шекеев.

Алайда кейін жұбайлар өзара келісімге келіп, сотқа жолданған арыздарын қайтарып алған.

“Кейін олар татуласып, берген арыздарын кері қайтарып алды. Қазіргі таңда екеуі заңды түрде ажыраспаған”, – деп нақтылады заңгер.

Осылайша, қазіргі уақытта Шавкат Рахмонов пен Гүлайым Рахмонова заң жүзінде әлі де некеде тұрған ерлі-зайыпты болып саналады.