03.06.2026, 12:20

Елена Рыбакина әлемдегі ең әдемі теннисшілердің қатарына кірді

Фото: instagram.com/lenarybakina

Тізімде барлығы 15 теннисші көрсетілген. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемдегі ең әдемі теннисшілер тізіміне енді. Рейтингті SK басылымы жариялаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тізімде барлығы 15 теннисші көрсетілген, ал қазақстандық спортшы 11-орынға жайғасты. Осылайша Рыбакина бұл рейтингке енген Қазақстанның жалғыз өкілі атанды.

Үздік үштікке бұрынғы ресейлік теннисші Анна Курникова, экс-бірінші ракетка Мария Шарапова және серб спортшысы Ана Иванович енді.

Тізімде сондай-ақ қазіргі және бұрынғы танымал теннис жұлдыздары – Эмма Радукану, Гарбинье Мугуруса, Каролина Возняцки және басқалар бар.

Айта кетейік, бұл рейтинг спортшылардың тек сырт келбетіне қатысты субъективті бағалау негізінде жасалған және спорттық жетістіктермен байланыстырылмайды.