Қазіргі таңда оның еншісінде 51,30 ұпай бар.
Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) Норвегияда өткен Norway Chess турнирінен кейін әйелдер арасындағы FIDE Circuit рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, - деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жаңартылған тізімде қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева көш бастады. Қазіргі таңда оның еншісінде 51,30 ұпай бар.
Отандасымыздың рейтингтегі жоғарылауына Norway Chess турниріндегі сәтті өнері әсер етті. Бибісара аталған жарыста чемпион атанып, маңызды рейтингтік ұпайларға қол жеткізді.
Екінші орынға қытайлық Чжу Цзиньэр (39,83 ұпай) орналасса, үздік үштікті үндістандық Вайшали Рамешбабу (29,70 ұпай) түйіндеді.
Ал ерлер арасындағы FIDE Circuit рейтингінде Өзбекстан өкілі Нодирбек Абдусатторов бірінші орында тұр. Екінші сатыға оның отандасы Жавохир Синдаров жайғасқан. Үздік үштікті америкалық гроссмейстер Фабиано Каруана қорытындылап тұр.