$ 484.78  558.66  6.6

«Шайдоровқа әдейі қысым жасалды ма?»: Министр күтпеген сұраққа жауап берді (ВИДЕО)

"Сын болуы керек, бірақ ол нақты деректерге сүйенуі тиіс".

Коллаж: Ақжайық
Коллаж: Ақжайық

Бүгін спорт министріне қызықты сұрақ қойылды. Спорттық ортада Михаил Шайдоровқа қатысты жағдай аясында оған қарсы әдейі ұйымдастырылған ақпараттық науқан болды ма деген әңгіме кулуарларда бұрыннан айтылып жүрген еді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл ретте Ербол Мырзабосыновтың ұстанымын атап өткен жөн. Министр сұрақтан жалтармай, ешкімді айыптап, кінәлі іздеуге тырысқан жоқ. Керісінше, әңгімені объективті көзқарас тұрғысынан өрбітті.

Министрдің негізгі айтпағы қарапайым: сын болуы керек, бірақ ол нақты деректерге сүйенуі тиіс. Соңғы айларда Михаил туралы түрлі пікір айтылды — «оған жай ғана жолы болдыдан» бастап, «жетістікке жүйеге қарамастан жеттіге» дейін. Алайда даулы тақырыптар мен айқайлы тақырыптардың тасасында спортшының шынайы жетістігі, күнделікті еңбегі мен нақты нәтижесі көбіне елеусіз қалып жатады.

"Михаил алтын медаль жеңіп алғанда біз жеңісін айтудың орнына әкесінің кезінде көлігін сатып, баласын жаттықтырғаны желіде өте кең көлемде талқыланды. Бұдан мемлекет қаржыландырған жоқ па деген сұрақ туындайды. Әрине, әр ата-ана бастапқы кезеңде баласына қолдау білдіреді. Бірақ кейін ұлттық құрамаға кірген кезде жарыстар мен сауықтыру іс-шараларын мемлекет қамтамасыз етеді. Мен бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Бірақ мұндай ақпараттар спортшының дайындық кезеңінде өзіне зиян тигізеді", - деді министр. 

Министр тағы бір маңызды мәселеге тоқталды: мұндай ақпараттық текетірестер ең алдымен спортшылардың өзіне зиянын тигізеді. Сондықтан қолдан жасалған қақтығыстарды қоздырғаннан гөрі, Қазақстанның атын әлемдік аренада танытып жүрген азаматтардың жетістіктері туралы көбірек айту қажет.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0