Желі қолданушылары бұл сәтті «матчтың ең есте қалған эпизодтарының бірі» деп бағалап, түрлі пікір қалдыруда.
Венгрияның Дебрецен қаласында өткен Қазақстан мен Венгрия құрамалары арасындағы жолдастық матч кезінде күтпеген оқиға орын алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Кездесудің бірінші таймында телетрансляцияға арналған камералардың бірі кенеттен алаңға құлап түскен. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап, жанкүйерлердің қызу талқысына түсті.
Абырой болғанда, оқыс жағдай салдарынан футболшылар да, төрешілер де, матчқа қызмет көрсеткен ресми тұлғалар да зардап шеккен жоқ. Ойын қысқа үзілістен кейін жалғасқан.
Желі қолданушылары бұл сәтті «матчтың ең есте қалған эпизодтарының бірі» деп бағалап, түрлі пікір қалдыруда.