$ 488.59  564.37  6.79

«Президент мені не үшін марапаттады?»: Бибісара Спорт министрлігінің жауабына шүйлікті

"Спорт министрі басқа бағытты ұстанатын сияқты". 

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Қазақстандық Шахматшы Бибісара Асаубаева Спорт министрлігінің берген жауабына шүйлікті, деп хабарлайды.

Айтуынша министрліктің жауабында қарама-қайшылықтар бар. 

"ИНТЕЛЛЕКТ БАСЫМДЫҚ ЕМЕС ПЕ? Мен Спорт министрлігінің ресми жауабын мұқият оқып шықтым. Онда: «Шахмат басым спорт түрлерінің қатарына жатпайды» деп жазылған. Шынымды айтсам, осы сөйлемді бірнеше рет қайта оқуға тура келді. Жуырда ғана Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің стратегиялық бағытын айқындап берген еді: «Қуатты ұлт – мықты интеллектіден басталады. XXI ғасырда басты ресурс – шикізат емес, білім». Әлемнің дамыған елдерінде шахмат жай ғана спорт емес. Ол – стратегиялық ойлау, интеллектуалдық капитал және мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Егер шахмат басымдыққа ие емес болса, онда қарапайым сұрақ туындайды: Президент мені II және III дәрежелі «Барыс» ордендерімен қандай еңбегім үшін марапаттады? Бүгінде мен әлемдік рейтингте 5-орында тұрмын. Спорт министрлігінің жауабынан шығатын қорытынды біреу: еліміздің интеллектуалдық болашағына шын мәнінде инвестиция салып жүргендер – шенеуніктер емес, менің ата-анам. Қазақстанның болашағын интеллект, білім, ғылым және адами капиталдың сапасы айқындайды. Сондықтан маңызды сұрақ туындайды: Спорт министрлігінің ұстанымы Президент белгілеген бағытқа қаншалықты сәйкес келеді? Өйткені шахматқа деген көзқарас – интеллектке деген көзқарас. Ал интеллектке деген көзқарас – елдің болашағына деген көзқарас. Сірә, Спорт министрі басқа бағытты ұстанатын сияқты", - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0