$ 491.37  570.48  6.78

Ризабек Айтмұхан UFC жұлдызы Хамзат Чимаевпен күресті (ВИДЕО)

Кадрларда қазақстандық балуан мен аралас жекпе-жек шебері күрес элементтерін пысықтап жатқанын көруге болады.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Қазақстандық еркін күрес шебері, әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан әлеуметтік желіде UFC жұлдызы Хамзат Чимаевпен бірге жаттығу жасаған видеосын жариялап, жанкүйерлердің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадрларда қазақстандық балуан мен аралас жекпе-жек шебері күрес элементтерін пысықтап жатқанын көруге болады. Жазба астында Ризабек Айтмұхан:

«RAF лигасы! Қарсыласым ретінде Борзды беріңдер, тек спорт үшін», – деп жазды.

Желі қолданушылары спортшының әзіл-шыны аралас ұсынысын қызу талқылап жатыр. Кейбір жанкүйерлер бұл тек әзіл екенін айтса, енді бірі Ризабек пен Хамзаттың арасындағы ықтимал текетіресті көргісі келетінін жазған.

Айта кетейік, Хамзат Чимаев UFC-дегі жеңіліс көрмеген файтерлердің бірі саналады. Ал Ризабек Айтмұхан – Қазақстан тарихындағы еркін күрестен әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы. Оның Чимаевпен бірге өткізген жаттығуы әлеуметтік желіде кеңінен тарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0