17.06.2026, 12:00

39 жастағы Месси хет-трик жасап, құрамасына жеңіс сыйлады

Фото: © Marcelo Endelli / Freelancer / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

Осылайша, Аргентина әлем чемпионатының алғашқы турында 3 ұпай еншілеп, J тобында көшбасшылық танытты. 

J тобының бірінші турында әлем чемпиондары Алжир құрамасын 3:0 есебімен қапы қалдырды. Осылайша, Аргентина құрамасы 2026 жылғы мундиалды сенімді жеңіспен бастап отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кездесудің жұлдызы Лионель Месси болды. Аргентиналық шабуылшы матчтағы салынған 3 голды да өз атына жазып, хет-трик авторы атанды. Бұл нәтижесі Әлем кубогындағы ең үздік сұрмергендер тізіміндегі жағдайын жақсартты. Даңқты футболшы 16 гол соққан германиялық Мирослав Клоземен теңесті. 

Жаза кетейік, Месси матчтың 17-минутында мергендігімен танылды. Екінші голын 60-минутта соқса, 76-минутта тағы бір рет қақпа торын тулатып, таблодағы көрсеткішке нүкте қойды. 

Осылайша, Аргентина әлем чемпионатының алғашқы турында 3 ұпай еншілеп, J тобында көшбасшылық танытты.