Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов – 2025 жылғы әлем чемпионы және әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері.
Қазақстан құрамасының өкілі Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/8 финалда қазақстандық боксшы бразилиялық Кайян Рейспен кездесіп, төрешілер шешімімен 4:1 есебімен басым түсті.
Осылайша Абылайхан Жүсіпов турнирдің ширек финалына жолдама алды. Ал оның қарсыласы Кайян Рейс жарысты аяқтады.
Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов – 2025 жылғы әлем чемпионы және әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері.
Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңі 21 маусымда мәресіне жетеді.