$ 487.17  565.65  6.72

Дастан Сәтпаев «Қайрат» сапындағы соңғы ойында екі гол соқты

Екі мәрте тең түссе, бір мәрте қарсыласына есе жіберіп қойды.

Фото: Қайрат ФК
Фото: Қайрат ФК

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасында ХVІІ турының алдын ала өткізілген ойынында «Қайрат» (Алматы) - «Қызылжар» (Петропавл) командалары кездесті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Екі мәрте тең түссе, бір мәрте қарсыласына есе жіберіп қойды. Салдарынан турнир кестесінде жағдайын қиындатып, бас жүлдеге таласта шымкенттік «Ордабасыдан» үш ұпайға қалып қойды. 

Сондай-ақ бұл кездесуде қазақстандық жас жұлдыз Дастан Сәтпаев алматылық клуб сапында соңғы матчын өткізетіні белгілі болды. Енді ол Англияның «Челси» клубына ауысып, ел футболында сол елде ойнайтын тұңғыш футболшы атанады.

Дастан алматылық клуб сапындағы соңғы кездесуінде жанкүйер көңілінен шығатын шеберлігін көрсете білді. Ойынның 59-минутында ол алғашқы голын соқса, 87-минутта тағы бір мәрте мергендік танытты. Тағы бір голды алматылық клубтың жас футболшысы Исмаил Бекболат өзінің еншісіне жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0