18.06.2026, 10:40

Роналду Португалияның сәтсіз бастамасына пікір білдірді

Фото: cristiano парақшасынан

Роналду өз жазбасында Португалия құрамасының келесі матчта сәтті нәтиже көрсету үшін бар күшін салатынын меңзеп, жанкүйерлерді команданы қолдауға шақырды.

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду ұлттық команданың соңғы ойынынан кейін әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне үндеу жасап, алдағы кездесулерге сенім білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Футболшы Instagram парақшасында команданың ойынды өздері күткендей бастамағанын мойындады.

«Бұл біз қалаған бастама болған жоқ. Бірақ бәрі әлі аяқталған жоқ. Басымызды тік ұстап, келесі ойынға назар аударамыз», – деп жазды Роналду.

Жазба жанкүйерлер арасында үлкен қолдау тапты. Пост жарияланғаннан кейін бірнеше сағат ішінде оған 9,8 миллионнан астам лайк пен жүздеген мың пікір жиналды. Роналду өз жазбасында Португалия құрамасының келесі матчта сәтті нәтиже көрсету үшін бар күшін салатынын меңзеп, жанкүйерлерді команданы қолдауға шақырды.