Отандасымыз жекпе-жекте қорғаныс пен шабуылда да нәтижелі қимылдап, 4:1 есебімен басым түсті.
Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында Әлем кубогы кезеңінің кезекті жарыс күні басталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Екі дүркін әлем чемпионы, 51 келідегі Алуа Балқыбекова 1/8 финалда Венесуэла өкілі Ирисмар Кардозомен жолықты. Отандасымыз жекпе-жекте қорғаныс пен шабуылда да нәтижелі қимылдап, 4:1 есебімен басым түсті.
Ал 65 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев әлем чемпионатының 1/8 финалында шаршы алаңға шығады. Ол А рингіндегі алтыншы жұпта Ұлыбритания өкілі Патрис Мугалзаимен қолғап түйістіреді.
Ал әйелдер арасындағы 54 келіге дейінгі салмақта Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Назым Қызайбай ширек финалдық кезеңде жұдырықтасады. А рингіндегі тоғызыншы жұпта ол польшалық Виктория Рогалинскамен кездеседі.