18.06.2026, 13:00

Бокстан Әлем кубогы: Назым Қызайбай жарысты жалғастырады

Фото: ҰОК

Айта кетейік, Назым Қызайбай 2 ай бұрын Бразилияда өткен Әлем кубогының бірінші кезеңінде дәл осы Польша өкіліне жол берген болатын.

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогында бүгін, 18 маусымда ел құрамасынан Назым Қызайбай жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

3 дүркін әлем чемпионы, 54 келіге көтерілген Назым Қызайбай ширек финалда Польша боксшысы Виктория Рогалинскамен тағы да кездесті.

Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ басымдықты қолға алып, шеберлік жағынан әлдеқайда басым екендігін дәлелдей білді. Қорытынды есеп: 4:1.

Айта кетейік, Назым Қызайбай 2 ай бұрын Бразилияда өткен Әлем кубогының бірінші кезеңінде дәл осы Польша өкіліне жол берген болатын.