Кішкентай естеліктер!
Қазақстандық танымал шахматшы Жансая Әбдімәлік әлеуметтік желідегі парақшасында ұлымен түскен отбасылық суреттерін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Спортшы Instagram желісінде бірнеше кадрдан тұратын жазба бөліскен.
«Кішкентай естеліктер», – деп жазды Жансая Әбдімәлік.
Жарияланған суреттердің бірінде шахматшы кішкентай ұлын қолына ұстап тұр.
Спортшының айтуынша, сәбиінің жақында 10 айға толған.
Осыған орай отбасы шағын мереке ұйымдастырған. Жансая торттың суретін де жариялады. Онда «Махаббат дегеніміз – әке, ана және мен» деген жазу болған. Жазбаға пікір қалдырған оқырмандар спортшыға жылы лебіздерін білдірді.
«Кішкентай азамат», «Біздің сұлу Жансая», «Бақытты болыңыздар», «Керемет отбасы» деген пікірлер жазылған.
Айта кетейік, Жансая Әбдімәлік былтыр тамыз айында алғаш рет ана атанған. 2023 жылы спортшы тұрмысқа шыққан. Оның жары – «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев. Үйлену тойынан кейін спортшыдан мансабын аяқтай ма деген сұрақ қойылған.
Ал 2024 жылы Жансая Әбдімәлік әлеуметтік желіде шахматтағы кәсіби жолына уақытша үзіліс алғанын мәлімдеген. Ол спорттан біржола кетуді жоспарламағанын айтқан.