19.06.2026, 12:20

Санжар Тәшкенбай қырғыз боксшысын жеңіп, жартылай финалға өтті

Фото: ҰОК

Қырғызстан өкілі Анваржан Ходжиевпен жұдырықтасты.

Екі дүркін әлем чемпионы, 50 келідегі Санжар Тәшкенбай ширек финалда Қырғызстан өкілі Анваржан Ходжиевпен жұдырықтасты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Отандасымыз жекпе-жекті толықтай бақылауда ұстап, барлық раундты өз еншісіне жазды. Есеп: 5:0.

Бокстан Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының екінші кезеңінің нағыз шешуші бәсекелері басталады. 44 елден 300 спортшы қатысуға ниет білдіргендердің арасынан 1/4 финалға 29 ел ары қарай жарысты жалғастырады.