19.06.2026, 14:20

Бокстан Әлем кубогы: тағы бір боксшы жарыс жолынан шығып қалды

Фото: ҚБФ

Сонымен қоса Лаура Есенкелді әлемдік додадағы жарысын ширек финалда аяқтағаны белгілі болды.

Тимур Нұрсейітов Қытайда өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының ширек финалында сүрінді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

75 келіде алғаш рет Әлем кубогына қатысқан Тимур Нұрсейітов ¼ финалда осы салмақтың басты фавориті, әлем чемпионатының финалисі Рами Киванмен (Болгария) жолықты.

3 раундқа жалғасқан жекпе-жекте төрешілер бірауыздан жеңісті қарсыласқа берді. Есеп: 5:0.

Сонымен қоса Лаура Есенкелді әлемдік додадағы жарысын ширек финалда аяқтағаны белгілі болды.