19.06.2026, 18:00

Елена Рыбакина Берлинде әлемнің 35-ракеткасынан жеңілді

Фото: Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Германия астанасы Берлинде өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Турнирде екінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші жарысты бірден 1/8 финалдан бастады. Оның қарсыласы әлемдік рейтингте 35-орында тұрған филиппиндік теннисші Александра Эала болды.

Кездесу екі сетке созылып, Эаланың пайдасына 7:5, 6:4 есебімен аяқталды. Матч бір жарым сағаттан астам уақытқа жалғасты.

Осылайша, Александра Эала турнирдің ширек финалына жолдама алса, Елена Рыбакина Берлиндегі шөп төсенішіндегі жарыста чемпиондық атақ үшін күресті тоқтатты.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Болгариядағы турнирдің жартылай финалына шыққан болатын.