$ 487.73  558.99  6.63

«Үздіктер қатарында»: Дастан Сәтпаев мектеппен де қоштасты (ВИДЕО)

Аттестатын қолына алған футболшы енді Аустралияға аттанады.

Фото: aakberzhanova/instagram
Фото: aakberzhanova/instagram

Қазақстандық жас футбол жұлдызы Дастан Сәтпаев мектеп бітіру кешіне қатысып, орта білім туралы аттестатын алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жақында ғана алматылық «Қайрат» клубымен қоштасқан талантты спортшы мектепті үздік тәмамдаған түлектердің қатарынан көрінді. Ұстаздарының айтуынша, Дастан оқу барысында жоғары үлгерімімен және тәртіптілігімен ерекшеленген.

Білім ордасының өкілдері әлеуметтік желідегі парақшасында түлектің жетістігіне қуанышты екендерін жеткізді.

«Бүгін 11-сынып түлектеріне аттестат табыстау рәсімі өтті. Биыл мектебімізден «Алтын белгі» иегерлері мен үздік аттестат алған оқушылар түлеп ұшты. Солардың қатарында еліміздің мақтанышына айналған дарынды футболшы Дастан Сәтпаев та бар. Оның жетістіктері біз үшін үлкен қуаныш. Барлық түлектерге жарқын болашақ пен толағай табыс тілейміз», – делінген мектеп ұжымы таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, өткен жылы Дастан Сәтпаев Англияның әйгілі «Челси» клубымен бес жылдық келісімшартқа отырған еді. Трансфер құны 4,3 миллион еуроға бағаланып, бұл көрсеткіш қазақстандық футбол тарихындағы ең қымбат ауысым ретінде тіркелген.

Алдағы 29 маусымда жас футболшы «Челсидің» негізгі командасымен бірге Аустралияда өтетін маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0