20.06.2026, 12:30

Назым Қызайбай Қытайдағы әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

Фото: instagram.com/nazym_kyzaibay09

Осылайша Назым Қызайбай турнирдің финалына шықты.

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Қытайда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін тәжірибелі спортшы жартылай финалда Таиланд өкілі Натнича Чонгпронгклангпен кездесті. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 3:2 есебімен қазақстандық боксшыға берді.

Осылайша Назым Қызайбай турнирдің финалына шықты.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасының өкілдері Виктория Графеева мен Абылайхан Жүсіпов те өз салмақ дәрежелерінде финалға жолдама алды.

Ал Санжар Тәшкенбай, Аида Әбікеева және Айбек Оралбай жартылай финалдық жекпе-жектерін кейін өткізеді. Олар да финалға шығу үшін бақ сынайды.