21.06.2026, 15:30

«Шын өмірде бәрі басқа»: Шавкат Рахмонов ұзақ үнсіздіктен кейін үн қатты

Фото: fighttime.ru

Спортшының айтуынша, шынайы өмірде жеңіске бәрінен жылдам жүгірген адам емес, өз жолынан жаңылмай, алға қарай табандылықпен қадам басқан жан жетеді.

Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмонов әлеуметтік желідегі парақшасында мотивациялық жазба жариялап, табысқа жетудің өз ұстанымымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Спортшының айтуынша, шынайы өмірде жеңіске бәрінен жылдам жүгірген адам емес, өз жолынан жаңылмай, алға қарай табандылықпен қадам басқан жан жетеді.

«Шынайы өмірде жеңіске бәрінен жылдам жүгірген адам емес, өз жолында өзін жоғалтпай, алға ұзақ уақыт бойы табандылықпен қозғала алған адам жетеді», – деп жазды Шавкат Рахмонов.

Желі қолданушылары файтердің жазбасын жылы қабылдап, пікірлерде оған қолдау білдіріп, мансабында жаңа жеңістер тіледі. Кейбірі спортшының бұл сөзін өмірлік ұстаным ретінде бағалап, оның тек октагонда ғана емес, өмірде де көпшілікке үлгі екенін жазды.