Нани матч барысында қарсылас қақпасын дәл көздеп, Қазақстан чемпионатындағы голдар есебін ашты.
Португалиялық шабуылшы Луиш Нани Қазақстан Премьер-лигасындағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тәжірибелі футболшы ҚПЛ-дың кезекті турында өткен «Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы кездесуде мергендігімен көзге түсті. Нани матч барысында қарсылас қақпасын дәл көздеп, Қазақстан чемпионатындағы голдар есебін ашты.
Атақты португалиялық ойыншының бұл добы жанкүйерлер арасында үлкен қызығушылық тудырды. Бұған дейін Еуропаның жетекші клубтарында өнер көрсеткен футболшының Қазақстан чемпионатындағы алғашқы нәтижелі әрекеті әлеуметтік желілерде де қызу талқылануда.
Айта кетейік, Луиш Нани биыл «Ақтөбе» сапына қосылып, қазақстандық футболдағы ең танымал легионерлердің біріне айналды. 38 жастағы футболшы мансабында Португалия құрамасымен Еуропа чемпионы атанып, «Манчестер Юнайтед», «Спортинг», «Валенсия» және басқа да клубтардың намысын қорғаған.