Қазіргі таңда үздік бомбардирлер тізімінде Мессиден кейін Клозе тұр.
Аргенина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік бомбардир атанды. Бұл жетістікке ол Австрияға қарсы өткен J тобының екінші тур матчында қол жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Кездесу барысында Месси әлем чемпионаттарындағы 17-голын соғып, Германия аңызы Мирослав Клозенің (16 гол) рекордын жаңартты. Осылайша аргентиналық шабуылшы турнир тарихындағы ең нәтижелі ойыншы мәртебесіне ие болды.
Қазіргі таңда үздік бомбардирлер тізімінде Мессиден кейін Клозе тұр. Ал үшінші орынға Бразилияның әйгілі шабуылшысы Роналду (15 гол) жайғасқан. Франциялық Килиан Мбаппе мен Германия құрамасының бұрынғы ойыншысы Герд Мюллердің еншісінде 14 голдан бар.
Айта кетейік, матчта Аргентина Австрияны 1:0 есебімен жеңді. Месси ойынның тоғызыншы минутында пенальтиден мүлт кеткенімен, кейін тарихи голын соғып, командасына жеңіс сыйлады. Пенальти Лаутаро Мартинеске қарсы жасалған ереже бұзушылықтан кейін белгіленген болатын.