23.06.2026, 12:40

«Нағашысы мықты ғой»: Шавкат Рахмонов жиенінің тұсауын кесті (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Кадрларда Шавкаттың бүлдіршіннің тұсауын кесу рәсіміне қатысып, сәбидің алғашқы қадамдарын жасауына көмектескен сәті бейнеленген.

Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов қарындасы, аралас жекпе-жек шебері Сора Рахмонованың қызының тұсауын кесіп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Салтанатты рәсімнен түсірілген видео әлеуметтік желіде кең тарап, желі қолданушылары спортшының қарапайымдылығына тәнті болғандарын жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадрларда Шавкаттың бүлдіршіннің тұсауын кесу рәсіміне қатысып, сәбидің алғашқы қадамдарын жасауына көмектескен сәті бейнеленген. Желі қолданушылары бұл көрініске жылы пікір қалдырған.

«Шавкатты қанша жамандасаңдар да, мен үшін Қазақстандағы ең қарапайым адам. Хайп үшін емес, өзі үшін өмір сүреді. Шаке, сен чемпионсың!», «Мықты Шавкат! Әлемдік адамдардың жанында жүрсе де, өте қарапайым. Қазақтың нағыз мықты жігіті», «Ризамын! Мықты азамат! Жанкүйермін», «Осындай жетістікке жеткізген анасына мың алғыс», деп спортшының отбасына ақжарма тілегін жолдаған.

Сондай-ақ пікірлер арасында: «Нағашысы мықты ғой», «Копия мамасы», «Алла берекесін берсін, бауырым. Өз отбасының алдында аман жүр», деген ізгі тілектер де көптеп жазылған.