$ 487.01  557.87  6.59

«Шетелден келген біреуге ақшаны өкіртіп береміз»: Журналист Талғат Байсуфиновтың бас бапкерліктен кеткені туралы

Кімге жақпады екен?!

Фото: Instagram/kazhenov.aslan
Фото: Instagram/kazhenov.aslan

Спорт журналисі Аслан Қаженов футболдан Ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфиновтің қызметінен кетуіне байланысты ойын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

 

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді. 

«Кімге жақпай қалды? Кімге жақпай қалды?! Талғат Байсуфиновты ақыры жұмыстан алып тыныпты. Бірер апта бұрын қызметінен кетеді деген ақпарат шықты. Федерация оны ресми түрде жоққа шығарды. Енді бүгін жұмысынан кетті. Бірақ, оны өзі емес, тағы федерация “өзі кетті” деп ресми түрде хабарлады. Қысқасы, қазақ маманын қазақ футболына сыйдырмады. Иә, соңғы жолдастық кездесулер сәтсіз өтті.

Десе де, рейтингте бізден жоғары тұрған Армения мен Венгрия айқын ұтамыз деп кім айтты? Негізгі себеп басқада. Кімге жақпады екен?! Жарайды, кім келіп, кім кетпей жатыр. Өкініштісі, ертең шетелден біреуді әкеліп, ақшаны өкіртіп береміз. Алайда, мен сенімдімін, одан нәтиже болмайды. Өйткені, бізде мәселе бапкерде емес, футболдың өзі жоқ қой. Оған кімді қойсаң да, нәтиже нөл. Сондықтан, білгендеріңді істей беріңдер. 

Негізі Талғат аға қазақи нақышымен ерекшеленіп, ұлттық құраманы жақсы ұйыстырып еді. Әсіресе, әлгі Черчесов пен Алиевке қарағанда жігіттер арасында абыройы бар. Ерекше құрметке ие. Айтпағым, сәл ұяттарың болса, әншейін лақытыра салмай, шапан жауып, адам сияқты шығарып салыңдар…», — деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0