Бұл оның халықаралық деңгейдегі спорттық мансабына жаңа серпін берді.
Михаил Шайдоров – Қазақстанның мәнерлеп сырғанау тарихындағы ең жарқын спортшылардың бірі. Ол спорттағы жолын 2010 жылы әкесі, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Станислав Шайдоровтың жетекшілігімен бастады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
2018 жылы отбасы Сочиге қоныс аударып, Михаилдың бапкері Олимпиада чемпионы Алексей Урманов болды. Бұл оның халықаралық деңгейдегі спорттық мансабына жаңа серпін берді.
2022 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алып, Қазақстан мәнерлеп сырғанауы тарихында осы деңгейдегі алғашқы жүлдені ел қоржынына салды. Қысқа бағдарламадан кейін сегізінші орында тұрғанымен, еркін бағдарламадағы сәтті өнерінің арқасында жалпы есепте екінші орынға көтерілді.
Сол жылы денсаулығына байланысты – инфекциялық мононуклеозға шалдығып, ересектер арасындағы Гран-при кезеңдеріне қатыса алмады. Дегенмен келесі маусымда осы сериядағы дебютін сәтті өткізді.
2023 жылы Канадада өткен Гран-при кезеңінде бесінші орынға ие болды.
2024/2025 жылғы маусымда Бостонда өткен әлем чемпионатында тамаша өнер көрсетіп, екі бағдарлама қорытындысы бойынша 287,47 ұпай жинап, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Ал 2026 жылы Миланда өткен Қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасындағы жекелей сыннан Олимпиада чемпионы атанып, Қазақстан тарихына алтын әріппен енді.
Спорттағы жоғары жетістіктері үшін 2026 жылы II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.