25.06.2026, 23:30

Теннисші Жібек Құламбаева Польшадағы жарыстың жартылай финалына өтті

Фото: ҚТФ

Бәсеке 1 сағат 23 минутқа созылды.

Қазақстан құрамасының мүшесі Жібек Құламбаева жұптық сында Гданьск (Польша) ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты. 

Қазақстандық теннисші мажарстандық Амарисса Тотпен бірге ширек финалда Польша өкілдері Оливия Гниевковска — София Гусармен шеберлік байқасты.

Бірінші партия 7:5 есебімен қазақстандық-мажарстандық жұптың пайдасына шешілді. Олар екінші сетте де сол қарқынынан танған жоқ — 6:4.

Бәсеке 1 сағат 23 минутқа созылды.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 178-ракеткасы Тимофей Скатов Уимблдон тутниріне өте алмады. Ол іріктеу сайысының финалында екі сағат жарымға созылған тартысты матчта әлемнің 136-ракеткасы, франциялық Кириан Жакеге есе жіберді — 6:7 (5:7), 4:6, 4:6.