$ 486.47  554.77  6.26

Қытайдағы Гран-при сериясы: Елдос Сметов ширек финалға шықты

Атақты дзюдошы әзербайжандық Балабай Агаевке қарсы белдесуде жеңіске жетті.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан Гран-при сериясындағы турнирде екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Атақты дзюдошы әзербайжандық Балабай Агаевке қарсы белдесуде жеңіске жетті.

Бұл жеңіс Сметовке 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалына шығуға мүмкіндік берді. Енді оның қарсыласы Энцо Джин (Франция) мен Тугол Канатбек Уулу (Қырғызстан) арасындағы белдесудің жеңімпазы болады.

Еске сала кетейік, алғашқы белдесуде Елдос Сметов Қытай өкілі Сунь Цзяхаоны жеңген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0