$ 485.4  550.69  6.41

Александр Усик барлық чемпиондық белбеуінен өз еркімен бас тартты (ВИДЕО)

Боксшы әлеуметтік желідегі видеомәлімдемесінде бұл шешімін басқа үміткерлерге чемпиондық атақтар үшін күресуге мүмкіндік беру ниетімен түсіндірді.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

Украиналық боксшы Александр Усик өзіне тиесілі барлық әлем чемпионы белбеулерінен бас тартатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Боксшы әлеуметтік желідегі видеомәлімдемесінде бұл шешімін басқа үміткерлерге чемпиондық атақтар үшін күресуге мүмкіндік беру ниетімен түсіндірді.

«Бүгін мен иеленіп отырған барлық белбеулерден бас тартатынымды жариялайтын жақсы күн. Олар бос болып, кезекте тұрған боксшылар чемпиондық үшін жұдырықтассын. Бірақ мен спорттан кетпеймін. Алдымда әлі “соңғы биім” бар», – деді Усик.

39 жастағы былғары қолғап шебері WBC, WBA және IBF тұжырымдары бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы атақтарын иеленген. Ол бұған дейін WBO белбеуінен де бас тартқан болатын. Усик кәсіби мансабында 25 жекпе-жектің барлығында жеңіске жетіп, соңғы кездесуінде Рико Верхувенді техникалық нокаутпен жеңген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#боксшы #спорт