Жарияланым қысқа уақыт ішінде 100 мыңнан астам лайк жинап, пікірлер бөлімінде қазақстандық жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.
UFC-дің ресми Instagram парақшасы қазақстандық файтерлер Асу Алмабаев пен Шавкат Рахмоновтың суретін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жазбада ұйым: «Тойлайтын уақыт келді» деп жазып, қос спортшының аккаунттарын белгілеген.
Жарияланым қысқа уақыт ішінде 100 мыңнан астам лайк жинап, пікірлер бөлімінде қазақстандық жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.
Желі қолданушылары: «Асу – чемпион!», «UFC Шавкатты сағынған екен ғой», «Оны жерлесім деп мақтан тұтамын! Алға, Қазақстан!», «Асу, Қаскелеңнің атын шығардың, жарайсың!» деп жазды.
Кейбір жанкүйерлер UFC-ден Қазақстанда турнир өткізуді сұрап, «Қазақстанда UFC турнирін ұйымдастырыңыздар. Біздің жанкүйерлердің қандай екенін көресіздер. Негізгі жекпе-жекте Шавкат Рахмонов белдік үшін, ал қосалқы кездесуде Асу Алмабаев үздік бестікке кіретін қарсыласпен айқассын» деген ұсыныстарын білдірді.
Еске салайық, Асу Алмабаев UFC Fight Night турнирінде америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп, UFC-дегі рекордын 7-1-ге жеткізді. Ал жарақатына байланысты үзіліс алған Шавкат Рахмонов ұйымның басты жұлдыздарының бірі саналады.