29.06.2026, 11:00

«Мен дайынмын»: Асу Алмабаев Джошуа Ванды титулдық жекпе-жекке шақырды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Жекпе-жектен кейін Алмабаев чемпионға тікелей үндеу жасады.

UFC-дің аса жеңіл салмақтағы қазақстандық файтері Асу Алмабаев Бакуде өткен Fight Night 280 турнирінде жеңіске жеткеннен кейін чемпион Джошуа Ванды титулдық жекпе-жекке шақырды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Жекпе-жектен кейін Алмабаев чемпионға тікелей үндеу жасады.

«Джошуа Ван, жекпе-жекке шығайық. Мен сені іздеп келемін. Олар Асакураға мүмкіндік берді ғой, солай емес пе? Мен бұл ұйымда қаншама жеңіске жеттім. Сондықтан келесі титулға үміткер мен болуым керек. Өзбекстан, Қазақстан немесе Қырғызстан – қараша не желтоқсан айы болса да, маған бәрібір. Мен дайынмын. Мен сол чемпиондық белбеуді қалаймын», – деді қазақстандық спортшы.

Еске салсақ, кеше Асу Алмабаев америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта жеңіп шыққан болатын.