$ 485.82  554.03  6.24

Футболдағы тарихи жеңіс: Парагвай президенті елде демалыс жариялады

Сондай-ақ Сантьяго Пенья ұлттық құраманың жейдесін киіп, теледидар алдында жарлыққа қол қойып отырған фотосын жариялады.

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images

Парагвай президенті Сантьяго Пенья ұлттық құраманың 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы тарихи жетістігіне орай 30 маусымды ұлттық демалыс күні деп жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы бұл туралы өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлімдеп, тиісті жарлыққа қол қойғанын көрсетті.

«Парагвай құрамасының Германияны жеңіп, 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалына тарихи жолдама алуына байланысты 30 маусым ұлттық демалыс күні болып жарияланады», – делінген жарлықта.

Сондай-ақ Сантьяго Пенья ұлттық құраманың жейдесін киіп, теледидар алдында жарлыққа қол қойып отырған фотосын жариялады.

«Осындай қуаныш сыйлғандарыңыз үшін және миллиондаған парагвайлықты қайтадан бір тудың астына біріктіргендеріңіз үшін рақмет», – деп жазды президент.

Еске салайық, Парагвай құрамасы әлем чемпионатының 1/16 финалында Германиямен негізгі және қосымша уақытта 1:1 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында 4:3 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0