04.07.2026, 21:50

Еркебұлан Тоқтар ресейлік қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

Фото: sports.kz

Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланған еді.

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар Алматыда өткен IBA Nomad 15 аралас жекпе-жек турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Еркебұлан Тоқтардың қарсыласы ресейлік Артем Тарасов болды. Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтіп, үш раундқа жоспарланған еді. Алайда қазақстандық спортшы кездесуді бірінші раундта-ақ нокаутпен аяқтап, айқын жеңіске қол жеткізді.

Айта кетейік, IBA Nomad лигасы жекпе-жектерді «аяқта тұрып өтетін ММА» (Stand-Up MMA) ережесі бойынша ұйымдастырады.

Еске салсақ, Еркебұлан Тоқтардың кәсіби ММА-дағы (11 жеңіс, 3 жеңіліс) соңғы ресми жекпе-жегі өткен жылдың тамыз айында өтті. Сол кездесуде ол ирандық Фарзад Гадериді (19 жеңіс, 17 жеңіліс) екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.