06.07.2026, 21:30

Бибісара Асаубаева қазақ тіліне қатысты мәлімдеме жасады

Фото: kazchess.kz

22 жастағы спортшы бұл туралы өзінің Telegram-арнасында жазып, қазақ тілін меңгеруге арналған алғашқы сабақтарының бірінен қысқа видео жариялады.

Шахматтан үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева өзіне бағытталған сыннан кейін мемлекеттік тілді үйренуге кіріскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

22 жастағы спортшы бұл туралы өзінің Telegram-арнасында жазып, қазақ тілін меңгеруге арналған алғашқы сабақтарының бірінен қысқа видео жариялады.

«Қатты сынамаңыздар. Мұнда өзімнің дамуым мен жетістігімді көрсетіп отырамын», – деп жазды Асаубаева.

Желі қолданушылары шахматшының бастамасын қолдап, оған сәттілік тілеген пікірлер қалдырды.

Еске салайық, бұған дейін Бибісара Асаубаева бірқатар сұхбаттарын тек орыс тілінде бергені үшін сынға қалған болатын. Кейін спортшы мемлекеттік тілді үйренуге уәде берген еді.