Бұл ойында аңыз шабуылшы Криштиану Роналду мен Испанияның жас жұлдызы Ламин Ямальдың тартысы көпшіліктің назарында болмақ.
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалия мен Испания кездеседі. Матч 7 шілдеде Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы «Даллас Стэдиумда» өтеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл ойында аңыз шабуылшы Криштиану Роналду мен Испанияның жас жұлдызы Ламин Ямальдың тартысы көпшіліктің назарында болмақ.
Португалия плей-оффта Хорватияны 2:1 есебімен жеңсе, Испания Австрияны 3:0 есебімен ұтты. Кездесу Qazsport телеарнасынан және арнаның ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі.