07.07.2026, 12:00

Александр Бублик Уимблдонның ширек финалына шыға алмады

Фото: Getty Images

Матч 2 сағат 51 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші Александр Бублик (№11) Уимблдон турнирін 1/8 финалда аяқтады. Америкалық Тейлор Фрицпен (№11) кортқа шыққан отандасымыз үш сетте де жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Матч 2 сағат 51 минутқа созылды. Алғашқы сетте Бублик қарсыласына айтарлықтай қиындық тудырғанымен, қалған екі сетте айтарлықтай қауқар көрсете алған жоқ, есеп – 7:6 (7:1), 6:4, 6:4. Осы уақытта Бублик небәрі бір рет эйс жасап, бес рет қос қателікке жол берген.

Осылайша, «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон турнирі қазақстандық теннисшілер үшін аяқталды. Бұған дейін Елена Рыбакина да, Анна Данилина да (жұптық сын) жеңіліп қалған еді.