07.07.2026, 13:00

«Роналду мансабын аяқтай ма?»: Футболшының өзі жауап берді

Фото: Ryan Pierse/FIFA via Getty Images

41 жастағы шабуылшы осы әлем чемпионатында үш гол соғып, жарысты аяқтады.

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Испаниядан жеңілгеннен кейін ұлттық құрамадағы болашағына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Еске салайық, Португалия плей-офф кезеңінде Испанияға 0:1 есебімен есе жіберіп, турнирмен қоштасты. 41 жастағы шабуылшы осы әлем чемпионатында үш гол соғып, жарысты аяқтады.

Матчтан кейін журналистердің ұлттық құрамадағы мансабы туралы қойған сұрағына Роналду нақты шешім қабылдамағанын айтты.

«Мен асығыс шешім қабылдамаймын. Әлем чемпионатындағы команданың өнерінен жұртшылықтың назарын өзімнің жеке шешімдеріме аударғым келмейді», – деді тәжірибелі футболшы.

Айта кетейік, бұл Криштиану Роналдудың мансабындағы алтыншы әлем чемпионаты болды. Ол Португалия құрамасымен үш халықаралық трофей жеңіп алғанымен, бұған дейін берген сұхбаттарында ең үлкен арманы әлем чемпионы атану екенін бірнеше рет айтқан еді.