12.07.2026, 05:00

ӘЧ-2026: Англия Норвегияны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды (ВИДЕО)

Фото: FIFA

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының ¼ финалында Норвегия – Англия кездесуінің нәтижесі белгілі болды.

Кездесу барысында алғашқы минуттан англиялық футболшылардың белсенділігі байқалып тұрды. Жылдам гол соғуға ұмтылған олар қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Оған норвегиялық қорғаушылар лайықты тойтарыс беріп жатты. Есесіне Англия құрамасы өз қақпасына гол жіберіп алды. Ойынның 36-минутында норвегиялық Андреас Шельдеруп қарсылас қақпасынан саңылау тауып, өз құрамасын алға шығарды.

Ал 45-минутта англиялық Джуд Беллингем таразы басын теңестірді. Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Нәтижесінде ол қосымша кезеңге ұласты.

Қосымша кезеңде 93-минутта Джуд Беллингем тағы бір мәрте мергендік танытты. Осылайша Англия қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Енді олар 15 шілдеде Аргентина – Швейцария жұбының жеңімпазымен кездеседі.

I тобында ойнаған норвегиялық құрама екі жеңіс, бір жеңіліспен алты ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға табан тіреді. Олар Иракты 4:1, Сенегалды 3:2 есебімен орта жолда қалдырса, Францияға 1:4 есебімен жол берді. Одан кейін 1/16 финалда Кот-д'Ивуарды, 1/8 финалда Бразилияны 2:1 есебімен қапы қалдырды.

Ал Англия құрамасы L тобында Хорватияны 4:0, Панаманы 2:0 есебімен жеңіп, Ганамен 0:0 есебіне қанағат білдірді. Доп додасының 1/16 финалында Конго ДР құрамасын 2;1, Мексиканы 3:2 есебімен жеңді.

Тегтер: Англия футбол