12.07.2026, 11:00

Қуат Хамитов армениялық файтерден ірі есеппен жеңілді (ВИДЕО)

Фото: Real American Freestyle

Еркін күрес ережесі бойынша өткен белдесу үшінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды.

Қазақстандық аралас жекпе-жек (ММА) шебері Қуат Хамитов Real American Freestyle (RAF) күрес лигасындағы алғашқы белдесуін өткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

38 жастағы спортшы Грузия астанасы Тбилисиде өткен турнирде армениялық UFC-дің үздік файтерлерінің бірі Арман Царукянмен кездесті.

Еркін күрес ережесі бойынша өткен белдесу үшінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды. Царукян 11:0 есебімен қажетті басымдыққа қол жеткізіп, айқын жеңіске жетті.

Арман Царукян осылайша 2026 жылы RAF лигасындағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Оның келесі кездесуі 18 шілдеде АҚШ-та өтеді. Бұл турнирде ол UFC-дің бұрынғы чемпиондық белбеуге үміткері америкалық Колби Ковингтонға қарсы шығады.

Ал Қуат Хамитов үшін бұл RAF лигасындағы алғашқы белдесу болды. Оның ММА ережесі бойынша соңғы ресми жекпе-жегі биыл ақпан айында Грузияда өтіп, бразилиялық Алан Силваны төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді.