$ 464.71  531.26  6.05

Әйелін сабады деп айыпталған танымал боксшы жұбайымен бірге көпшілікке үндеу жасады

Біз бұл үндеуді бірге жазуды жөн көрдік

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов пен оның жұбайы отбасылық жанжалға қатысты қылмыстық іс төңірегінде жағдайдан кейін бірге бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Спортшы отбасылық жанжал болағанын жасырмады. Алайда ерлі-зайыптылар болған жағдайды талқылап, отбасын сақтап қалу туралы шешім қабылдаған.

"Біз бұл үндеуді бірге жазуды жөн көрдік. Себебі отбасымызға қатысты көптеген қауесет пен түрлі пікірлер тарады. Иә, арамызда отбасылық жанжал болды. Екеуіміз де қорытынды жасап, сөйлестік және отбасымызды сақтап қалу туралы ортақ шешімге келдік. Біздің шешіміміз бен жеке өмірімізге деген құқығымызды құрметтеулеріңізді сұраймыз", –  деді Жүсіпов.

Боксшының жұбайы өз кезегінде арызын қайтарып алу және қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш беру туралы шешімді өзі қабылдағанын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0