13.07.2026, 18:20

Миллиондаған жанкүйер Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап етіп жатыр

Фото: Getty Images

Петиция авторы ФИФА мен төрешілердің Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасына ерекше қолдау көрсетіп отырғанын алға тартады.

Интернетте футболдан Аргентина ұлттық құрамасын Әлем чемпионатынан шеттетуді талап ететін петиция жарияланып, оған қазірдің өзінде 3 миллионнан астам адам қол қойған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Петиция авторы ФИФА мен төрешілердің Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасына ерекше қолдау көрсетіп отырғанын алға тартады. Оның пікірінше, егер турнир жеңімпазы алдын ала белгілі болса, басқа құрамалардың жарысқа қатысуының мәні қалмайды. Сондықтан автор Аргентина құрамасын турнирден шеттетіп, барлық командаға тең мүмкіндік беруді сұраған.

Аргентина құрамасының жеңістеріне қатысты күмән бұған дейін де айтылған. Мәселен, мысырлық футболшы Зико ФИФА-ны Аргентина пайдасына жұмыс істеді деп айыптаса, Алжир құрамасы төрешілердің шешімдеріне байланысты ресми шағым түсірген болатын.

Дегенмен бұл петицияның заңдық күші жоқ және ФИФА үшін міндетті құжат болып саналмайды. Соған қарамастан, оған 3,2 миллионнан астам адамның қол қоюы ұйымның беделіне әсер етуі мүмкін деген пікірлер айтылып жатыр.