$ 477.11  545.58  6.2

Талғат Байсуфинов қызын ұзатты: Желіде әсерлі видео тарады

Бейнежазба желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп, көпшілігі отбасыға ақ тілегін жаудырды.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері, «Ұлытау» футбол клубының негізін қалаушы Талғат Байсуфинов қызын ұзатты. Бұл туралы әлеуметтік желіде тараған видеодан белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әсерлі кадрларда белгілі маманның қызы Айнұрды ұзату сәтінде көзіне жас алғанын көруге болады. Бейнежазба желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп, көпшілігі отбасыға ақ тілегін жаудырды.

Айта кетейік, Айнұр Байсуфинова әйелдер арасындағы футболдан елордалық «Жеңіс» клубының ойыншысы. Ал оның әкесі Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасын бірнеше кезеңде жаттықтырып, кейін «Ұлытау» футбол клубының құрылуына атсалысқан.

Қыз ұзату рәсімінен жарияланған видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар Талғат Байсуфиновты маңызды отбасылық оқиғамен құттықтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0