$ 472.34  541.25  6.01

Аргентина Әлем чемпионатының финалынан шеттетілуі мүмкін

Матч аяқталғаннан кейін Лионель Скалонидің шәкірттері алаңда саяси мазмұндағы баннер көтеріп, жеңісті атап өтті.

Фото: Курсив
Фото: Курсив

2026 жылғы Әлем чемпионатының жартылай финалында Англия құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, финалға шыққан Аргентина командасы күтпеген даудың ортасында қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Матч аяқталғаннан кейін Лионель Скалонидің шәкірттері алаңда саяси мазмұндағы баннер көтеріп, жеңісті атап өтті. Баннерде «Las Malvinas son Argentinas» («Мальвин (Фолкленд) аралдары – Аргентинаныкі») деген жазу болған.

Осы әрекетке байланысты Аргентина құрамасы тәртіптік жазаға ұшырауы мүмкін деген ақпарат тарады. Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) оқиғаға қатысты тәртіптік іс қозғау мәселесін қарастырып жатқаны хабарланды.

Даулы жағдай АҚШ-тың Атланта қаласында өткен жартылай финалдан кейін орын алды. Англияны тізе бүктірген аргентиналық футболшылардың саяси сипаттағы баннерді алаңға алып шығуы халықаралық футбол қауымдастығында қызу талқылануда.

Егер ФИФА бұл әрекетті өз ережелерін бұзу деп таныса, Аргентина құрамасына қатысты тәртіптік шара қолданылуы ықтимал. Дегенмен, әзірге ұйым бұл мәселеге қатысты түпкілікті шешім қабылдаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0