$ 469.71  536.17  6.01

Дастан Сәтбаевтың «Челси» сапындағы алғашқы ойыны қашан өтетіні белгілі болды

Қазір жас футболшы «Челсидің» негізгі құрамымен бірге маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр.

Фото: Челси
Фото: Челси

Лондонның «Челси» клубында өнер көрсететін 17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтбаев жақын күндері ағылшын командасының жейдесінде алғашқы ойынын өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазір жас футболшы «Челсидің» негізгі құрамымен бірге маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Басылымның мәліметінше, бапкерлер штабы оның мүмкіндігін алдағы жолдастық кездесулерде бағалауды жоспарлап отыр.

Команданың жаңа бас бапкері Хаби Алонсо маусымға дайындық аясында екі жабық форматтағы жолдастық матч өткізбек. Осы ойындарда қазақстандық шабуылшыға мүмкіндік берілуі ықтимал.

19 шілдеде «Челси» «Кроули Таунмен», ал 23 шілдеде «Бромлимен» кездеседі. Күтіліп отырғандай, дәл осы матчтарда Дастан Сәтбаев лондондық клуб сапындағы алғашқы минуттарын өткізуі мүмкін.

Егер бұл жоспар жүзеге асса, қазақстандық футболшы үшін «Челси» жейдесіндегі ресми емес дебют болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0