$ 472.34  541.25  6.01

ФИФА «Барселонаға» 2,8 миллион еуро өтемақы төлейді

Биылғы мундиальда каталониялық клубтың 16 футболшысы өз ұлттық құрамаларының сапында өнер көрсеткен.

Фото: Getty images
Фото: Getty images

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионатына ойыншыларын жібергені үшін Испанияның «Барселона» клубына 2,8 миллион еуро көлемінде өтемақы аударады,деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

AS басылымының хабарлауынша, биылғы мундиальда каталониялық клубтың 16 футболшысы өз ұлттық құрамаларының сапында өнер көрсеткен. Алайда бұл көрсеткіш 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатынан кейін төленген сомадан төмен. Сол кезде «Барселона» ФИФА-дан 4,4 миллион еуро көлемінде өтемақы алған болатын.

ФИФА-ның өтемақы төлеу тәртібіне сәйкес, әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде ұлттық құраманың матчқа арналған өтініміне енген әрбір футболшы үшін клубқа 2063 еуро төленеді. Бұл жағдайда ойыншының алаңға шығуы міндетті шарт саналмайды.

Ал әлем чемпионатының финалдық кезеңінде төлем көлемі артады. Ұлттық құрама сапындағы әрбір футболшы үшін клубтарға тәулігіне 4330 еуро есептеледі. Бұл өтемақы оқу-жаттығу жиындары басталған күннен бастап, ұлттық құраманың турнирдегі соңғы ойынынан кейінгі күнге дейінгі кезеңді қамтиды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0