$ 469.83  536.83  5.97

13 жастағы қазақстандық Жасмина Түзелова «Славян базарының» күміс жүлдесін жеңіп алды

Биыл байқауға әлемнің 19 елінен жас орындаушылар қатысты.

Фото: fest-sbv.gck.by
Фото: fest-sbv.gck.by

«Славян базары» халықаралық өнер фестивалі аясында өткен «Витебск-2026» XXIII халықаралық балалар музыкалық байқауында қазақстандық жас вокалист, «Жас сарбаз» балалар шығармашылық студиясының тәрбиеленушісі Жасмина Түзелова екінші орын иеленді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Биыл байқауға әлемнің 19 елінен жас орындаушылар қатысты. Екі күнге созылған сайыстың қорытындысы бойынша Жасмина үздіктер қатарынан көрініп, еліміздің намысын абыроймен қорғады.

Байқаудың алғашқы кезеңінде ол қазақтың халық әні «Сарыарқаны» орындап, жоғары ұпай жинады. Ал екінші кезеңде «Ромашка-Василек» композициясын шырқап, екі күннің қорытындысы бойынша 126 ұпай иемденді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0