19.07.2026, 18:30

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам қызметінен кетті

Фото: Anadolu / Contributor / Anadolu / Gettyimages.ru

Федерация 2012 жылдан бері ұлттық құраманы жаттықтырған маманға алғыс айтып, оның француз футболына сіңірген еңбегін жоғары бағалады.

Франция ұлттық футбол құрамасының бас бапкері Дидье Дешам қызметінен кетті. Бұл туралы Франция футбол федерациясы ресми мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Федерация 2012 жылдан бері ұлттық құраманы жаттықтырған маманға алғыс айтып, оның француз футболына сіңірген еңбегін жоғары бағалады.

Дидье Дешамның жетекшілігімен Франция құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, 2021 жылы Ұлттар лигасын ұтты. Сондай-ақ команда бірнеше ірі халықаралық турнирдің финалына дейін жетті.

Федерация мәліметінше, Дешам бас бапкер ретінде 185 матчқа қатысып, оның 120-сында жеңіске жеткен. Ведомство оның кәсібилігі, талапшылдығы және ұлттық құрамаға адал қызметі француз футболының тарихында ерекше орын алатынын атап өтті.