Оның пікірінше, жас шабуылшы басқа клубқа жалға кетпей, лондондық команда сапында қалып, негізгі құрамдағы орны үшін күресуі қажет.
«Челсидің» бұрынғы шабуылшысы, клуб аңызы Дидье Дрогба қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаевтың болашағына қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның пікірінше, жас шабуылшы басқа клубқа жалға кетпей, лондондық команда сапында қалып, негізгі құрамдағы орны үшін күресуі қажет.
CFC F_Boy порталының мәліметінше, Дрогба Сәтбаевтың ойынын жіті бақылап жүргенін жеткізген. Әсіресе, Чемпиондар лигасында мадридтік «Реалға» қарсы кездесуде көрсеткен өнерін жоғары бағалаған.
Жас шабуылшының әлеуетіне тоқталған Дрогба «Челси» басшылығын оған сенім артуға шақырды.
«Оның өсіп-өркендеуі үшін «Челсиден» жақсы клуб жоқ. Чемпиондар лигасында «Реалға» қарсы қалай өнер көрсеткенін бәріміз де көрдік. Азулы да тәжірибелі қарсыластың өзі жас ойыншының шеберлігіне сүйсінді», – деді ол.
Оның айтуынша, Дастан Сәтбаевтың бойында жоғары деңгейде ойнауға қажетті шеберлік, мінез және өзіне деген сенім бар.
Сондай-ақ бұрынғы шабуылшы футболшыға тұрақты мүмкіндік берілсе, оның «Челсидегі» бәсекеге төтеп беріп, негізгі құрамнан орын алатынына сенім білдірді.
«Ол «Челсиде» қалып, өз орнын дәлелдеуі керек. Мүмкіндік беріңіздер, алаңға шығарыңыздар – сонда оның қандай деңгейге көтерілегенін өздеріңіз көресіздер», – деп түйіндеді сөзін бұрынғы шабуылшы.
Дидье Дрогба сөз соңында Сәтбаевты басқа клубқа жалға беру нұсқасын қолдамайтынын айтып, оның кәсіби дамуы дәл «Челси» сапында жалғасқаны дұрыс деп есептейтінін жеткізді.